KZ RU
 
  • Template articles
  • Талапкерге

    Колледжге қабылдау туралы ақпарат! 2024ж

     

    25 маусымнан бастап колледждерге құжаттарды қабылдау басталады:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің (колледждің) кеңсесі арқылы;

    2) vko-abiturient.kz ақпараттық жүйесі арқылы;

    3) 1 шілдеден бастап e-gov.kz (ЭЦҚ арқылы қол қойылып) порталы арқылы қосымша қабылдау жүзеге асырылады.

    4 мамандық пен 4 колледжді таңдау мүмкіндігі бар. 

     

    Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі - жылына қабыдау жариялайды
    Күндізгі және сырттай оқу бөлімдеріне, Оқу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі 
      

     
     
    Мамандық атауы
    Оқу мерзімі
    9 сынып. к.
    11 сынып. к.
    Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (07161300)
    Техник-механик
    4S07161304
    3 ж. 10 ай.
    2 ж. 10 ай.
    Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик
    3W07161302
    2 ж. 10 ай.
    10 ай.
    Автомобиль жөндеу слесарі
    3W07161301
    2 ж. 10 ай.
    10 ай.
    Автомобиль көлігін жөндеу шебері
    3W07161303
    2 ж. 10 ай.
    10 ай.
    Түсті металлдар металлургиясы(07151400)
    Техник-металлург 4S07151404 3 ж. 10 ай. 2 ж. 10 ай.
    Металл мен қорытпаларды балқытушы 3W07151403 2 ж. 10 ай. 1 ж. 10 ай.
    Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) (07150100)
    Техник-механик
    4S07150106
    3 ж. 10 ай.
    2 ж. 10 ай.
    Жөндеуші-слесарь
    3W07150101
    2 ж. 10 ай.
    1 ж. 10 ай.
    Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану (07320100)
    Техник-құрылысшы
    4S07320106
    3 ж. 10 ай.
    2 ж. 10 ай.
    Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану  (07320700)
    Техник-механик
    4S07320704
    3 ж. 10 ай.
    2 ж. 10 ай.
    Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) (06130100)
    Ақпараттық жүйелер технигі
    4S06130105
    3 ж. 10 ай.
    2 ж. 10 ай.
    Web-дизайнер
    3W06130102
     
     
    Құқықтану (04210100)
    Заңгер
    4S04210101
    2 ж. 10 ай.
    1 ж. 10 ай.
    Жолқозғалысын ұйымдастыру (10410400)
    Техник
    4S10410402
    3 ж. 10 ай.
    2 ж. 10 ай.
     
    Құжаттардың тізбесі:
    1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
    2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
    3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
    4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
    5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
     
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
    Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
    1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
    2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
    3) босқын – босқын куәлігі;
    4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
    5) қандас – қандас куәлігі.
     
    Біздің облыста 82 колледж жұмыс істейді.
    Колледждерге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдар, 9 сынып, 11 сынып түлектері қабылданады.
    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау кезінде тұлғаларға квота «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
     Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген. 9 квоталық санат бар.
     Өткен жылдан бастап колледждерге түсу кезінде бір қатар жаңашылдықтар енгізілді.
    Біріншіден: егер бұрындары колледждер бойынша мемлекеттік тапсырыс орындары комиссия арқылы бөлінген болса, қазіргі кезде «Студенттен ақша» жобасы жүзеге асырылуда, яғни талапкер қандай колледжге барып оқуға болатынын өзі таңдайды, сәйкесінше бюджет сонда жіберіледі.
    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тұлғалардан өтініш қабылдау 25 маусымнан басталады.
    Екіншіден: түсу емтихандары болмайды,тек кейбір мамандықтарда ғана. Медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс арқылы оқуға түсушілер Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы арнайы немесе шығармашылық емтихан (медициналық мамандықтар бойынша – психометрикалық тестілеуден өту үшін) тапсыруға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жолданады.
    Үшіншіден: талапкер бұрындары конкурска қатысуға өтініш беру кезінде тек бір колледжді және бір мамандықты ғана таңдаған, ал енді төрт колледж және төрт мамандық, біліктілік (қажет болған жағдайда), оқу тілін (қазақша, орысша), білім деңгейін таңдау мүмкіндігі бар.
    Колледжді немесе мамандықты таңдауды кем дегенге 2 рет ауыстыруға болады.
    Төртіншіден: Конкурс аттестатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бағасының орта конкурстық балы бойынша талапкерлерді автоматты бөлу жолы арқылы Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
    Бағаның орта балы қалыптасады:
    негізгі орта білімі бар түсушілерге (9 сынып) – үш пәннің бағалары бойынша: міндетті пәнге (қазақ тілі немесе орыс тілі), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша.
    жалпы орта білімі бар түсушілерге (11 сынып) – Техникалық және кәсіптік білім беру - төрт пәннің бағалары бойынша: міндетті пәндерге (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша.
    Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін аталған бағаларға арнайы эмтиханның балдары қосылады.
    Оқушылар құрамына қабылдау:
    1)   күндізгі оқу нысанына  -  күнтізбелік жылдың 30 тамызына;
    кешкі және қашықтықтан оқу нысанына  - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.
     
    Сонымен, талапкер колледжге түсуге шешім қабылдаса:
    1)   www.egov.kz сайтының «Білім беру» бөліміне кіріп, колледжге оқуға түсуге өтініш беруге болады
         немесе
    2) www.vko-abiturient.kz  белгіленетін ақпараттық жүйенің сілтемесі бойынша өтіпөтініш беруге болады.
     

     
     

     

      

     

     

     

Log in

create an account