KZ RU
 

Жаңалықтар

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде 31 мамырда металлургиялық пәндер бойынша мультимедиялық кабинеттің және оқу кешенді химиялық зертхананың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға "Казцинк" әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ және металлургия жөніндегі атқарушы директор, "Казцинк" Өскемен металлургия кешенінің директоры Тұрарбек ӘЗЕКЕНОВ қатысты. "Казцинк" ЖШС қолдауымен колледж заманауи жабдықтар сатып алды.

Бұл интеграцияланған стенд оқу құралдарының толық жиынтығы:  химиялық ыдыс, өлшеу құралдары, сандық микроскоп, мультимедиялық датчиктер, электролиз құралы және басқалары. Сондай-ақ оқу зертханасы арнайы талдау таразыларымен, муфельді пешпен, спектрометрмен, pH-метрмен және кептіргіш шкафпен жабдықталған.

Металлургияны байытуға арналған мультимедиялық кабинет колледждің ерекше мақтанышы болды. Компьютерлік моноблоктардан басқа, онда практикалық сабақтарға арналған "Пайдалы қазбаларды байыту" интерактивті стенді бар. Технологиялық схемалар мен жабдықтардың анимациялық 3D модельдері студенттерге машиналарының құрылысын  байыту немесе металлургиялық құрал-жабдықтарды оңай игеруге көмектеседі. 

"Казцинк" ЖШС Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің маңызды серіктесі және біз осындай жылы, сенімді қарым-қатынастың қалыптасқанына қуаныштымыз. Шығыс  техникалық-гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мен ұжымы "Казцинк" ЖШС басшылығы мен ұжымына тиімді және нәтижелі ынтымақтастығы үшін шынайы алғысын білдіреді.

Log in

create an account