KZ RU
 

Жаңалықтар

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің волейбол командасы

 

 

2022 жылы 10-14 мамыр аралығында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында ұлттық спорт лигасы аясында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында волейболдан облыстық жарыстар өтті. Жарысқа ШҚО колледждерінің командалары қатысты. Жарыстың барлық кезеңінде әр команда кемінде бес ойын ойнады.

Соңғы финалдық ойын ең қызықты болды. Дәл жеткізу және ойластырылған тактикалық қозғалыстар, эмоциялар теңізі – бұл матч жүлделі орын үшін осы сезімдерге толы болды. Нәжесінде біздің колледждің жасөспірімдер командасы I-ші жүлделі орынға ие болды.

Олар:

Айналкатов Болат (20ЦМ-2, металлург) @ainalkatov_b,

Оромбеков Жиенжан (21СЭ-3, құрылысшы) @Zhienzhan_orombekov,

Кабдылманас Ерназ (21СБ-6, техник),

Ерғали Жігер (21ЭР-2, автомеханик) @Zhiger_Ergali,

Аманбаев Ильяс (21ИС-1, бағдарламашы),

Аблайханов Ислам (21СЭ-2, құрылысшы) @ablaikhanovislam,

Бухаров Азиз (21СБ-9, механик) @azizbuharov,

Аргынгалиев Дарын (21СБ-9, механик) @darynargyngaliev,

Айдынбек Өркен (21СБ-8, құрылысшы) @orken.aidynbekuly_,

Хасенов Ерасыл (21СБ-9, механик) @_erasyl_23,

Султангазинов Ильяс (21СБ-3, механик) @sultangazinov_ilyas

Бұл колледждің волейбол командасының спорттық жетістіктерінің қоржынындағы кезекті жеңісі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейбол командасы жүлделі орындарға ие болған болатын: техникалық колледждер арасында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының кубогы, Өскемен қаласының колледждері арасында волейболдан қалалық турнир, "Наурыз мейрамы" мерекесіне арналған волейболдан қалалық турнир және т. б. Командамызды құттықтаймыз және жаттықтырушылар А.А.Жуков пен Е.Д.Жумжуменовке команданы жақсы дайындағаны үшін алғыс айтамыз.

Спорт аренасында жаңа жеңістер мен жетістіктер күтеміз!

 

Log in

create an account