KZ RU
 

Студенттердің жетістіктері

Талапкер - Оқуға кел

 

Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі - жылына қабыдау жариялайды
Күндізгі және сырттай оқу бөлімдеріне, Оқу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі 
 
 
Құжаттардың тізбесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
 
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі. 
 
Сонымен, талапкер колледжге түсуге шешім қабылдаса:
1)    www.egov.kz сайтының «Білім беру» бөліміне кіріп, колледжге оқуға түсуге өтініш беруге болады
     немесе
2) www.vko-abiturient.kz  белгіленетін ақпараттық жүйенің сілтемесі бойынша өтіп өтініш беруге болады.
 

 

Мамандық атауы:

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Машина жасау технологиясы

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

 

Мамандық атауы:

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

 

 

 

 

Мамандық атауы:

Түсті металлдар металлургиясы

Мамандық атауы:

Бағдарламалық қамтамасыз ету

 

 
Read more...

2 ОРЫН!

2 ОРЫН!

8-12 маусым аралығында
Орал қаласында волейболдан республикалық турнир өтті. Біздің команда мықты ойын көрсетіп,
2 орынға ие болды!
Республикалық деңгейге жетіп, жүлделі орынға ие болу-біз үшін үлкен жетістік!

Командамызды құттықтаймыз және жаттықтырушылар А.А.Жуков @aleksandr_zhukov5 пен Е.Д.Жумжуменовке команданы жақсы дайындағаны үшін алғыс айтамыз. Спорт аренасында жаңа жеңістер мен жетістіктер күтеміз!

Наши чемпионы:
1. Айналкатов Болат (20ЦМ-2, металлург) @ainalkatov_b,
2. Оромбеков Жиенжан (21СЭ-3, құрылысшы) @Zhienzhan_orombekov,
3. Кабдылманас Ерназ (21СБ-6, техник), @qenni__
4. Ерғали Жігер (21ЭР-2, автомеханик) @Zhiger_Ergali,
5. Аманбаев Ильяс (21ИС-1, бағдарламашы), @ilsaeevv
6. Аблайханов Ислам (21СЭ-2, құрылысшы) @ablaikhanovislam,
7. Аргынгалиев Дарын (21СБ-9, механик) @darynargyngaliev,
8. Хасенов Ерасыл (21СБ-9, механик) @_erasyl_23,

 
Read more...

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің волейбол командасы

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің волейбол командасы

 

 

2022 жылы 10-14 мамыр аралығында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында ұлттық спорт лигасы аясында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында волейболдан облыстық жарыстар өтті. Жарысқа ШҚО колледждерінің командалары қатысты. Жарыстың барлық кезеңінде әр команда кемінде бес ойын ойнады.

Соңғы финалдық ойын ең қызықты болды. Дәл жеткізу және ойластырылған тактикалық қозғалыстар, эмоциялар теңізі – бұл матч жүлделі орын үшін осы сезімдерге толы болды. Нәжесінде біздің колледждің жасөспірімдер командасы I-ші жүлделі орынға ие болды.

Олар:

Айналкатов Болат (20ЦМ-2, металлург) @ainalkatov_b,

Оромбеков Жиенжан (21СЭ-3, құрылысшы) @Zhienzhan_orombekov,

Кабдылманас Ерназ (21СБ-6, техник),

Ерғали Жігер (21ЭР-2, автомеханик) @Zhiger_Ergali,

Аманбаев Ильяс (21ИС-1, бағдарламашы),

Аблайханов Ислам (21СЭ-2, құрылысшы) @ablaikhanovislam,

Бухаров Азиз (21СБ-9, механик) @azizbuharov,

Аргынгалиев Дарын (21СБ-9, механик) @darynargyngaliev,

Айдынбек Өркен (21СБ-8, құрылысшы) @orken.aidynbekuly_,

Хасенов Ерасыл (21СБ-9, механик) @_erasyl_23,

Султангазинов Ильяс (21СБ-3, механик) @sultangazinov_ilyas

Бұл колледждің волейбол командасының спорттық жетістіктерінің қоржынындағы кезекті жеңісі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейбол командасы жүлделі орындарға ие болған болатын: техникалық колледждер арасында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының кубогы, Өскемен қаласының колледждері арасында волейболдан қалалық турнир, "Наурыз мейрамы" мерекесіне арналған волейболдан қалалық турнир және т. б. Командамызды құттықтаймыз және жаттықтырушылар А.А.Жуков пен Е.Д.Жумжуменовке команданы жақсы дайындағаны үшін алғыс айтамыз.

Спорт аренасында жаңа жеңістер мен жетістіктер күтеміз!

 
Read more...

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау

 

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында www.egov.kz порталында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр («Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау» онлайн сауалнама сервисі).

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Read more...

"Казцинк" ЖШС -мен ынтымақтастық

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде 31 мамырда металлургиялық пәндер бойынша мультимедиялық кабинеттің және оқу кешенді химиялық зертхананың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға "Казцинк" әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ және металлургия жөніндегі атқарушы директор, "Казцинк" Өскемен металлургия кешенінің директоры Тұрарбек ӘЗЕКЕНОВ қатысты. "Казцинк" ЖШС қолдауымен колледж заманауи жабдықтар сатып алды.

Бұл интеграцияланған стенд оқу құралдарының толық жиынтығы:  химиялық ыдыс, өлшеу құралдары, сандық микроскоп, мультимедиялық датчиктер, электролиз құралы және басқалары. Сондай-ақ оқу зертханасы арнайы талдау таразыларымен, муфельді пешпен, спектрометрмен, pH-метрмен және кептіргіш шкафпен жабдықталған.

Металлургияны байытуға арналған мультимедиялық кабинет колледждің ерекше мақтанышы болды. Компьютерлік моноблоктардан басқа, онда практикалық сабақтарға арналған "Пайдалы қазбаларды байыту" интерактивті стенді бар. Технологиялық схемалар мен жабдықтардың анимациялық 3D модельдері студенттерге машиналарының құрылысын  байыту немесе металлургиялық құрал-жабдықтарды оңай игеруге көмектеседі. 

"Казцинк" ЖШС Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің маңызды серіктесі және біз осындай жылы, сенімді қарым-қатынастың қалыптасқанына қуаныштымыз. Шығыс  техникалық-гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мен ұжымы "Казцинк" ЖШС басшылығы мен ұжымына тиімді және нәтижелі ынтымақтастығы үшін шынайы алғысын білдіреді.

Read more...

ЕМТИХАНДАР БОЛМАЙДЫ!

ЕМТИХАНДАР БОЛМАЙДЫ!

Бұл сәуірдің алғашқы әзілі емес.
Сіз біздің колледжге емтихандар тапсырмай түсе аласыз.

Емтихандар тоқтатылды! 

ШТГК-ға кел - емтихансыз түс!

☎️ 87055207711, 540-678!

Read more...

Жақсылық жаса

Қазақстанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Ізгі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды.

Инстаграмдағы аккаунттың пікірлерінде жақсы істермен бөлісейік

Read more...
Subscribe to this RSS feed

Log in

create an account